Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматының миллионыншы тұрғыны Астананың миллионыншы тұрғынын құттықтады

Алматының миллионыншы тұрғыны Бауыржан Қадірсізов Астананың миллионыншы тұрғыны Саида Мұхамедиярды құттықтап, оған ұзақ өмір тіледі. Алматылық Бауыржан биыл желтоқсан айында 35 жасқа аяқ басады.

оьртпима

Бұл туралы baq.kz хабарлайды.

Алматылық азамат “Саида бақытты, ақылды және ең әдемі болып бой жетсін. Ол астанадық қыздардың ішіндегі ең үлгілі болсын. Сонымен бірге, қыз баласына тән ерекшелік пен нәзіктікті бойына сіңіріп өссін” деп ақжарма тілек білдіріп отыр.

Бауыржан Қадірсізов 1981 жылдың 19 желтоқсанында дүниеге келген. Әкесі Дәулет Қаленұлы бетон құюшы болып жұмыс істесе, анасы Гүлназия Қамалшатқызы құрылыста әрлеуші болып жұмыс істеді. Алматының миллионыншы тұрғынының сол уақыттары Панфилов дивизиясының полк командирі батыр Бауыржан Момышұлы арнайы құттықтаған болатын.

“Дүниеге келген Бауыржан есімді нәрестені шын жүректен құттықтай отырып, оған денсаулық, байтақ отанымыздың батыр жігіті болып өсуіне тілекшімін”, деген еді сол кездері.

56413f5f4fe5df18b743e428a001bb7d

Сол уақыттары Бауыржанға Алматы қалалық атқару комитеті қола медаль мен қаланың символикалық кілті тапсырылған болатын. Бауыржан өзінің миллионыншы тұрғын болғаны үшін әркезде ыңғайсызданатындығын айтады.

«Мен қарапайым ғана адамын. Миллионыншы болып туғаным үшін ештеңемен ерекшелене алмаймын. Мен қандай адам болсам, көпшілік сол қалпымда қабылдаса екен. Миллионыншы тұрғыны екенім рас. Бірақ ол туралы өте сирек айтамын. Ал қаланың символикалық кілті Алматы музейінде сақтаулы тұр”, дейді ол.

Естеріңізде болса, төртінші шілде күні түнгі сағат 1:00-де Астана қаласындағы №1 перинаталды орталықта Астананың миллионыншы тұрғыны өмірге келген болатын. Олардың ата-анасы 1994 жылы туған №9 балабақшаның тәрбиешісі Арайлым Мұхамедияр мен электромонтер Олжас Мұхамедияр есімді ерлі-зайыптылар.

Талқылау