Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматының «Кеңсай» зиратындағы құлпытастарды ұрламақ болғандар қылмыс үстінде ұсталды

Алматыда зират тонаған ұрылар ұсталды. Үш адамнан құралған топ түнгі уақытта түрлі-түсті металдан қойылған мүсіндерді қолды қылып келген, – деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

Безымянный

Вандалдар Кеңсай зиратындағы мыстан құйылған ескерткішті ұрламақ болған кезде қолға түсіп отыр. Яғни жеңіл көлікпен келген олар бағалы металлдан жасалған мүсінді сым арқанмен машинаға байлап тартып, түбімен қопарып алып кетпек болыпты. Алайда арам ойлары жүзеге аспады. Оңай олжаны көздегендердің үшеуі де қолға түскен. Қазір қабір тонаушылардың басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр. Өйткені Алматыда зиратқа қойылған қоршаулар мен темір мүсіндерді ұрлау жиілеп кетті дейді тәртіп сақшылары.

“Бұл адамдардың өздері зират жасаумен, зират басын қарайту жұмыстарымен айналысады екен. Бірақ, жазғы мезгілде. Ал жұмыстан бос уақытында осы қылмыспен айналысатын көрінеді. Қазір алдын-ала болжам бойынша төрт қылмысқа қатысы бар болуы мүмкін. Бірақ басқа да қылмыстарға қатысы бар міндетті түрде тексеріледі”, – дейді Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Талқылау