Алматының “Қайраты” елордалық “Астананы” ойсырата жеңді (видео)

Сенбі, 10 Қыркүйек , 2016 18:52

“Астана-Аренада” Қазақстан премьер-лигасының 26-туры аясында өткен Қайрат-Астана матчы аяқталды.

3fb5d-Superkubok-Kazakhstana-2016

Фото: footboom.kz

Матч Қайрат командасының айқын басымдылығымен өтіп, 3:0 есебімен алматылықтар қарсыластарын сырт алаңда жеңіп кете алды. Ойынның минутында 5-ші Херсон Асеведо командасын алға шығарған. Бірінші таймның аяғын дейін қонақтардың осы басымдылығы сақталды.

Екінші таймда командалар алма-кезек шабуылдарға иек артты. Сондай сәттердің бірінде, 62-ші минутта “Қайраттың” капитаны Бауыржан Исламхан есепті еселей алды. Капитан өз командасының шабуылдарын үдете түсіп, алаң иелерін жиі мазалай бастады. Тағы бірде Исламхан ұйымдастырған шабуылды іліп әкеткен Жерар Гоу арада 6 минут өткенде Ненад Эрич қақпасынан саңылау тапты. Бұдан кейін астаналықтар тайлы-тұяғымен шабуылға шыққан. Сондай сәттердің бірінде “Астананың” сербиялық шабуылшысы 71-ші минутта Джордже Деспотович Стас Покатилов қорғаған қақпаны дәл көздеді.

Алайда қос команда мұнымен тоқталып қалған жоқ. Ойынға тыңнан қосылған Андрей Аршавин 77-ші минутта “Қайраттың” басымдылығын одан сайын арттыра түсіп, есепті 4:1 ге жеткізді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар