Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматының қай жерлеріне «КРИС-П» радарларын орнатады

Алматы полицейлері апатты қауіпті жол бойына «КРИС-П» радарларын орнатады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Қалалық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол радарлары апатты-қауіпті және жылдам жүретін жолдарға орнатылады.

Полицейлер 23 млн шығын келтірген 2 мыңға жуық ережебұзушылықты анықтады. Жүргіхушілер қарсы бағытқа шығып, жүргіншілер жолағынан өтіп кетеді және қиылыстан өте шығу жағдайлары көп кездескен.

«КРИС-П»радарларынан бөлек жүргізушілердің жол жүруін арнайы “жол жүру қауіпсіздігі” жүйесі тексеретін болады. Ол бойынша 105 пост пен 600 камера қойылды. Бұл жүйенің көмегімен 334 мың ережебұзушылық тіркелді. Оның шығыны 2 млрд теңгеден асты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау