Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыны жүз жылда болмаған жылымық жайлады

Соңғы рет қыстың аптап ыстығы Алматыда 1979 жылдың ақпан айында болыпты. Ол кезде термометр бағаны 19 градусты көрсеткен екен. Ал соңғы 3-4 күнде ауа райы тым жылып кеткендіктен, қала тұрғындары тіпті, жазғы киімге ауысып алған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

Almaty_web

 Сурет dentons.com

Дегенмен, алматылықтар ертең абай болғаны жөн. Өйткені мұндай жағдайдан кейін солтүстіктен суық ауа массасы жетуі мүмкін. Жаңбыр жауып, Алматы облысының солтүстік аудандарында температура -5 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Ал бұл жолғы жылы күн райын Алматы метеостанциясы тарихи межеге балап отыр.

“Бұның себебі, Қазақстанның оңтүстік аумақтарына Иран аумағынан келіп жеткен жылы ауа ағымдарының әсерінен деп айтуға болады. Сонымен қатар, ақпан айының соңында өте жоғары ауа температурасымен тіркелуін сондай жылы қыстың нәтижесі деп айтуға болады”, – дейді «Қазгидромет» АҚ Алматы қалалық филиалының синоптигі Гүлтаңсық Медеуова.

Талқылау