Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда еріктілер Мәуліт мерекесіне орай қала халқына тосын сый әзірледі

Алматыда Пайғамбарымызды (с.ғ.с) ұлықтаған ерекше шарапатты шара өткізілді. «Арбат» атауымен жақсы таныс Жібек жолы көшесі бойында «Алматы трилионерлер клубы» Facebook-бірлестігінің қатысушылары гүл таратты.

4H7C4812

Роза гүліне Мұхаммед Пайғамбардың (с.ғ.с) хадисі жапсырылған:

«Қандай жағдай болмасын жақсы іс істеңіздер. Бұл сіздің кездескен, сұхбаттасқан адамыңыздың жүзіне күлкі жүгіртіп, көңіліне қуаныш сыйлайды».

Хадис мәтіні қазақ, орыс және ағылшын тілінде жазылған.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, олар адамдарға Исламның сұлулығы мен бейбітсүйгіштігін көрсеткісі келген.

«Қазіргі таңдағы саяси оқиғалар негізінде қасиетті Ислам дінінен күйе жағылып жатқаны да жасырын емес. Аталған акция арқылы, Исламның ешқандай қантөгісті қаламайтынын, оның басты мәні адалдық, жұмсақтық, көркемдік екенін адамдарға ұғындыра түсуді мақсат еттік. Біз өз азаматтарымызды қуантып, оларға мерекелік көңіл-күй сыйлағымыз келді», – дейді акция ұйымдастырушысы Аида Найзабекова.

Алматы қалалық әкімдігінің рұқсатымен іске асырылған акция барысында жалпы саны 1000-нан астам роза гүлі сыйға тартылған. Мұндай ерекше шара шаһар тұрғындарының да көңілін көтерген.

4H7C4770 4H7C4783 4H7C4796 4H7C4800 4H7C4806 4H7C4819 4H7C4824 4H7C4834 4H7C4839 4H7C4841 4H7C4848

Талқылау