Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар жаппай самокатқа көшіп жатыр

Бұл көлікке деген сұраныс екі айдың ішінде 25 пайызға жоғарлаған. Алайда, сатып алған тұрғындар өздігінен жүретін құрылғымен қайда жүру керегін білмей дал, – деп хабарлайды КТК арнасы.

самокат5-700x466

Жүз мың теңге көлемінде тұратын бұл көлік дүкен сөрелерінде толып тұр. Әлем бойынша өздігінен жүретін бұл құрылғы үлкен дау тудыруда. Себебі  электр қозғалтқыш арқылы жүргенімен, оны көлік деп айтуға мүлдем  келмейді. Кең қолданатын елдер де ортақ стандартқа келе алмаған. Мәселен, Еуропада бұл құрылғыны заңды түрде көлік құралы ретінде есептесе, көршілес Ресейде самокатпен жүретіндерді жаяу жүргіншілер қатарына қосқан. Ал, біздің елде бұған қатысты бірде бір заң жоқ дейді мамандар.

“Қазіргі таңда заңды түрде самокат деген түсінік әзірге жоқ. Оған қатысты нақты заңдар да жоқ. Басқа елдерде бұл жағдай толықтай нақты қарастырылған. Барлық депутаттар демалыстан шықты енді біз осы жағдайды көтеретін боламыз”, – дейді “Ортақ  жол” жол қозғалысы қауіпсіздігі қауымдастығының басшысы Арсен Шакуов.


Жіберіп алмаңыз:

Ақмола облысында ауыз су талап еткен жұртқа аудан әкімі ақылгөйсімеуге кеңес берді

Атырауда мұнай ұрлаумен айналысқан танымал қылмыстық топ қолға түсті

Дін істері министрлігінің лауазымды шенеунігі сотын Астанада өткізуге қарсы шықты

Ақтөбеде үйлерді қирата жаздаған тепловоз машинисіне іздеу жарияланды

Талқылау