Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар суретшінің туындысынан жантүршігерлік тылсым күшті байқады

Қалыбек Бекбағанбетовтың жұмысы көпшілік сұранысына ие. Өзінің айтуынша, соңғы кездері оның жұмыстарында мистикалық көріністер пайда бола бастапты. Бұл туралы суретші BNews.kz тілшісіне айтып берді.

40f1d65ba93bff9e674a4ff1139d3ce0

 

Қалыбектің айтуынша, ол ақпаратты мүлде бөтен әлемнен алады. Тіпті, сурет салу кезінде де қылқаламы еркіне бағынбай әлдебір күштің құдіретімен салатын көрінеді. Бұған ұқсас жағдай жақында «Apple» туындысына қатысы болған.

Суретте ауыр алманы көтергеннен иіліп тұрған алма ағашы бейнеленген. Суретшінің айтуынша, ағаш бар күшін өз жемісіне беруге жұмсайды.

Бұл суретті Instagram желісіне жариялаған соң авторға танысынан: “Иә, алма дегеніміз – ол Алматы. Ал 6 саны белгісінде бейнеленген алма ағашы 6 жылдан соң жер сілкінісі болады дегенді білдіре ме?” деген хабарлама келеді.

Туынды 2014 жылы салынған.

24379d37ea97e71a0f7ecc3439bb4ba7

Бұл хабарламадан кейін суретшінің өзі де, достары да таңырқап қалған. Өйткені оған дейін 6 деген белгіні олар аңғармаса керек. Суретші жай ғана алма ағашының суретін салғанын айтады. Калыбектің өзі мұндай тосын жайттардың бекерге болмайтынын меңзейді.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Алматының жезөкшелері “орын үшін” төбелесті (видео +18)

Үйге кірді де жинай бастады: Алматыға келген келін пәтерді шатастырып алған

Ғалымдар жұлдыз жорамал белгісінің уақытын өзгертіп, тағы бір белгі қосты

Талқылау