Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар шет тілін тегін үйренетін болды

Алматылықтар шет тілін тегін үйренбек. Курс сабақтары саябақта өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

20170609122330

Кез-келген адам ағылшын, қазақ тілдерін«Тілдер Саябағы – Парк Языков – Language Park» тілдер курсында үйренетін болады.

21 күнге созылатын курс аптасына үш рет өтеді.

Тіл үйренушілерге Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттік шет тілдері және халықаралық қатынастар университетінің 5 түлегі сабақ береді.

«Бірінші сабақта шәкірттердің білім деңгейіне қарай топқа бөліп, «Elementary», «Beginner» топтарымен жұмыс жасаймыз. Курс біткен соң барлық қатысушыларға арнайы сертификат беріледі», – деді Әйгерім Шәкім.”

20170609122358

Бір айта кетерлігі, сабақтар ашық аспан астында жасыл желек үстінде өтеді. Келемін деушілерге есік ашық. Кейбір азаматтар өзінің отбасын түгел алып келген.

«Мен неміс тілінің маманымын. Бірақ мемлекетте үш тілді дамыту саясаты жүріп жатқасын, тым болмаса бастауыш ағылшын білімім болсын деген оймен келдім. Өзіммен бірге 5 баламды алып келдім», – деді Гүлмира Дайрабаева.

Тағы да оқыңыз:

Сапарбаев мешітке бас сұқпайтын ақсақалдарды сынға алды

Руын айтып мақтанған кәсіпкер Сапарбаевтан сөз естіп қалды

Жазушы телевизиядағы сауатсыз қазақ журналистерді сынай отырып басшыларына назын айтты

Талқылау