Алматылықтар мейрамханадағы барыс терісі үшін дауласты

Алматыдағы «Көк Төбе» бағындағы мейраманада ірбіс барысының терісі ілініп тұр. Алматы тұғындары бұл барыс терісі мен жақында зообақта өлді деген барыстармен қатысы бар болуы мүмкін екенін айтады.

 

«Барыс терісі «Юрта» мейрамханасының қабырғасында ілініп тұр.  Суретті көрген қолданушылар оның жақында хайуанаттар бағынан жоғалған барыстардың бірі екенін айтып жатыр.

 

«Көк Төбе» бағының басшысы барыс терісін сыйға алғанын айтады. Алайда, Нұрлан Қазиев теріні кімнің сыйға бергені 10 жылдан бері оның есінде қалмапты.

Бұған дейін, зообақ басшылығы Алматыдағы хайуанаттар бағында қар барысының жоғалмағанын айтқан болатын. Бұл қауесет әлеуметтік желіде таралған. Зообақ басшылығы осыған қатысты түсініктеме берген де еді.

Алматы зообағында жоғалды деген 6 қар барысының өлгені жайлы басшылықтың түсініктеме бергенін хабарлаған болатынбыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр