Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар қала әкімімен бірге алғашқы велошеруге қатысты (фото)

Алматыда жаңа маусымда екінші велошеру өтті. Оған қала əкімі Бауыржан Байбек пен əкімдік өкілдері, 1000-ға жуық адам қатысты.

20160417115951

Мәре сызығы 8:30-да «Нұрлы тау» бизнес орталығынан басталса, велошабандоздар  «Прайм Плаза» сауда үйіне келіп тоқтады.

Спорт шарасы ҚР Тəуелсіздігінің 25 жылдығы мен Алматының 1000 жылдығына орай «Спорттық Алматы» шарасы аясында өтті.

20160417115957

«Мұндай порттық шараны алматылықтардың қолдағаны өте қуантады. Қала тұрғындарының өтінішін қабыл алып əр апта сайын велошеру өткізіп тұратын болдық. Жылдан жылға салауатты өмір салтын ұстанатын азаматтардың қатары көбейеріне сенімдімін»,- деді Б.Байбек.

Айта кету керек, Алматыда жаңа веломаусым өткен аптада ашылды.

Жіберіп алмаңыз:

Алматы әкімі кезекті велошеру маусымын ашты (фото)

Талқылау