Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар «Арман» кинотеатрының маңындағы төбелестің куәсі болды (видео)

29 қазанда кешкілік уақытта «Арман» кинотеатрының маңында жастар мен автобус кондукторы төбелесіп қалды. Куәгерлер оқиғаны видеоға түсіріп алған, – деп хабарлайды Zakon.kz.

Төбелеске қатысушылардың сөзінше, қыз бен жігіттің жағы сынған екен. Олар ауруханаға жеткізілді.

Куәгерлердің айтуы бойынша, жастар 12-автобуста «Медеу» мұзайдынынан келе жатқан. Кондуктор олардың оқушы екеніне сенбей, жол ақысын толықтай төлеуін талап еткен.

Кондуктор жолаушы жігітпен «әңгімелесу» үшін, автобус кинотеатр маңына тоқтаған.

Жақын жердегі тұрақта тұрған көліктердің жүргізушілері төбелесті тоқтатуға тырысқан. Алайда кондуктор сабасына түсе қоймады. Ол кеудесін жалаңаштап, автобустан  атып шығып, қызға жұдырық сілтеген. Артынша жолаушы жігітке тап берген.

Мұнан кейін кондутор автобусқа мініп, жүріп кеткен. Оқиға туралы басқа деректер әзірге белгісіз.

Назар аударыңыз, видеожазбада бейәдеп сөздер бар!

Жіберіп алмаңыз:

Оңтүстік тұрғындары күз мезгіліне қарамастан суға түсіп жүр (видео)

Әйелімен ұрсып қалған Астана тұрғыны аялдаманың шынысын сындырды

Алматыдағы сауда қоймаларының бірінен заңсыз сүт өнімдері табылды

Шымкенттік өнертапқыш қазақ әрпін латынға аударудың тиімді жолын ойлап тапты

Талқылау