Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар АҚШ-тағы қазақтарға қарсы митингіге шықты

Алматылық белсенділер 31 мамыр күні Қазақстан республикасының президентін қолдап, Америка Құрама Штатында тұратын этникалық қазақтарға қарсы митингіге шықты, деп хабарлайды informburo.kz.

Олардың митингіге шығуының себебі – 21 күнгі Америкадағы қазақтардың Қазақстан президентіне қарсы пікірлері болды.

«Олар біздің елдің азаматтары емес, сондықтан біздің ішкі саясатымызға араласа алмайды. Біз оларға ұсталған журналистергді босатуға көмектескенбіз. Бірақ басқасына араласқан жоқпыз. Біз өз президентімізді қолдаймыз», – дейді «Халықты тұрғын үймен қамту» қозғалысының мүшесі Жанна Садықова.

80614_tn

20 шақты адам «Елбасы – біздің президентіміз» деген плакаттар мен ту ұстап, елшілік алдында әнұранды шырқады. Олар ешқандай қарсылыққа қараған жоқ.

«Олар Қазақстаннан кеткен соң, біздің елге кімнің президент болатынын шешетіндей қандай құқығы бар? Біздің елде демократия бар. Оған дәлел ретінде тұрғын үймен қамту мұшелерінің пикет ұйымдастырғанын айтуға болады. Оған барлығы куә болды. Ол үшін бізді жауапқа тартқан жоқ. Яғни, елімізде демократия бар деген сөз», – дейді белсенді Сұлубике Жақсылықова.

Шара соңында белсенділер елшіліктің есігіне АҚШ-тағы митингіде көрсетілген суреттер салынған плакаттарды лақтырып кетті.

Жіберіп алмаңыз:

Заңсыз митинг ұйымдастыруға талпынған 40-қа жуық адам жауапкершілікке тартылды

Қазақстан полициясы митингке шықпақшы болғандардың жолын кесті

БҚО-да митингке қатысушылар алкоголь таратып төбелес ұйымдастырмақшы болған

Талқылау