Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар үйлеріне кіре алмай жүр: Ақшасын төлеген, құрылыс тоқтаған

Алмтыда 25 отбасы үйлеріне кіре алмай жүр. Мердігер компания үйді өткен жылдың қыркүйегінде тапсыруы керек болған. Бірақ тұрын үй толық салынбай, құрылысы тоқтап қалған. Бұл туралы КТК хабарлады.

  

Тұрғындар апта сайын құрылыс алаңына келіп, қарап кетеді. Бірақ ол жарты жылдан бері өзгеріссіз тұр.

Құрылыс материалдары әлі күнге дейін алаңдарда жатыр, ал пәтерлер ішінде жұмысшылардың жеке құралдары қалған.

Мұнда тек батареяны қойып, безендіру ғана қалған. Сосын пәтерге көшіп алуға болады.

Руслан Қожамқұлов тұрғын үй таңдауға, ауданын белгілеуде мұқият мән берген.  Көп ізденістен кейін «ТДА Строй» компаниясын таңдаған. Жағдайы өте жақсы болғандықтан алдын ала 15 миллион теңге салған. Содан бері 9 ай өткен.

«Толық ақшасын төлегендерге жеңілдік жасайтын болды. Қолма-қол ақшамен бердік. Ондағы қызметкерлердің бірі оргндармен мәселе туындады, сондықтан үй біраз уақыт салынбайтынын айтты. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр», – дейді Руслан Қожамқұлов.

Тұрғындар кімге барарын, кімге айтарын білмей отыр. Компания кеңсесі жабық, ешкім байланысқа шықпайды. Тұрғындардың әр қайсысы 15 миллион шамасындағы қаржысын төлеп қойған.

Алданып қалғандар арасында тек алматылық тұрғындар ғана емес ірі компания өкілдері де бар.

«Мердігермен келісімшарт жасалды. Бетон қойылды, автокөлік сорғы, бетон аралстыру қызметтері жасалды. Осы уақытқа дейін 162 млн теңгеге қызмет көрсетіп келдік. Қазір құрылыс тоқтап тұр, шығатын жол жоқ», – дейді Тұрсын Асанов «Салауат-БС» ЖШС бас инженері.

Құрылыс кешені аумағы иесінің айтуынша, тұрғын үй салушы ештеңе төлемеген. Енді ол жер мен үйді қайтарғысы келеді. Үйді салып бітіріп, пәтерлерді таратқысы келеді.

««Компания ТДА Құрылыс» ЖШС өз міндеттерін толық аяқтаған жоқ. Біз жерді қайтарып лу үшін оларды сотқа береміз», – дейді Әділжан Қайырбеков жер телімінің басшысы.

Кәсіпкер сот шешімі оң шықса тұрғындар осы жылы пәтерлеріне көше алтынына уәде берді. Тұрғындар да прокуратураға арыз жазды.

Тағы оқыңыз:

Атыраулық Әнелге бүгін күрделі ота жасалмақ

Шетелдік жігітке еріп Түркияға кеткен павлодарлық қыз елге қайта алмай жүр

Беделді кәсіпкер қоғамда ұятсыз жастардың көбейіп кеткеніне өкініш білдірді

Талқылау