Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық жүзгіш Tesla-ға агент 007-нің өзі қызығушылық танытты (видео)

Америкалық Mashable порталы басты рөлде Дэниэл Крэйг ойнайтын әзіл ролик түсірген. Видеоның астында “”Tesla Model S сіздің “Джеймс Бонд” қиялыңызды іске асырады” деп жазылған.

Bondlook05

Әрі қарай агент автомобиль рөліне отырып, Алматыдағы әл-Фараби даңғылы бойындағы көпір астында жүзіп бара жатады.

Mashable жасаған роликте 17 маусымда болған шынайы су тасқыны көрсетіледі. Алматыда сол күні бір айлық жаңбыр деңгейі түсіп, кәріз құдықтарының өзі аузы-мұрнынан шығып бітеліп қалған еді. Тек Tesla жүргізушісі ғана еш саспай, құдды қайық секілді жүріп кете барған.

Өз кезегінде бұл жағдайды Tesla Motors директоры Илион Масктың өзі бағалап, пікір білдірген болатын. Ал Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов болса еліміздің атының шетелге бұлайша таралуына реніш білдірген. Жуық арада премьер Алматыға келіп, қаланы жаяу араламақ.


Талқылау