Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық жүргізушілер тапа тал түсте бір-біріне пышақ пен тапанша кезеді (видео)

Инстаграм желісінде тарап кеткен екі көлік жүргізушілерінің жолды бөлісе алмай төбелес ұйымдастырғанына қатысты Алматы қалалық ІІД жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

https://www.instagram.com/p/BpMXC2ihQ3B/?utm_source=ig_share_sheet&igshid=ch4mejrqd405

Райымбек көшесінің ортасында жолға таласқан көлік жүргізушілерінің видеосы желіде тарап кеткен еді. Қазіргі таңда Жетісу ауданының полиция қызметкерлерімен оларға қатысты шара қолданылды. Бұл туралы Алматы қалалық ІІД өкілі Салтанат Әзірбек мәлімдеді.

«Оқиғаға қатысты бей-жайлық танытпаған тұрғындардың арқасында төбелесті болдырмаған. Сонымен қатар, бұл факт бойынша «102» нөмеріне хабарлама түспеген, әлеуметтік желі арқылы анықталған. Тексеру жұмыстарын жүргізу барысында және төбелес қатысушыларын дереу ұстап сұраққа алу кезінде «Нисан Максима» көлігінің жүргізушісі – 1991 жылғы Сұрамысов атты азамат, «Мерседестікі» – 1990 Сұлтанғали атты азаматтар екені анықталды», – делінген ІІД мәлімдемесінде.

Сонымен қатар, қазіргі таңда әділ тергеу жүргізу үшін жедел тергеу істері және аталған оқиғаның куәгерлерін анықтау жұмыстары жүріп жатқаны туралы Жетісу аудандық полиция басқармасының басшысы Дархан Мусанов мәлімдеді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау