Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық жігіт жаңа ғана сатып алған көлігімен апатқа ұшырады

16 мамыр күні кешке Алматыда жол апаты болып, төрт адам зардап шекті.

Безымянный

Бұл туралы zakon.kz хабарлайды.

Папанин мен Кожедуба көшелерінің қиылысында Лада және SsangYong маркалы көліктер соқтығысқан. Лада Папанин көшесімен оңтүстік, ал жол талғамайтын көлік Кожедуб көшесімен батыс бағытта келе жатқан. SsangYong рөліндегі әйел жергілікті тұрғын екеніне қарамастан бұл маңдағы қауіпті бұрылыс туралы білмейтін болып шықты.

Қатты соққыдан екі көлік те екі жаққа ұшып кеткен. Лада көлігінде отырған екі жолаушы мен жүргізуші ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген.

Оқиға орынына келген зардап шеккен жүргізушінің туыстары оның көлікті бүгін ғана сатып алғанын айтыпты.

Оқи отырыңыз:

Маңғыстау облысында белгісіз бір топ қарулы адам бүтіндей бір отбасына оқ жаудырған

Басындағы битті керосинмен улаған оқушы жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты

Алматыда ірі жол апатынан зардап шеккендердің денсаулығы туралы дәрігерлер айтып берді

Оралда депутат мұз айдынға шығып төбелесті (видео)

Талқылау