Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық жігіт өзін көлік қаққанын бір жарым ай бойы дәлелдей алмай жүр

8 маусымда Төле би мен Байзақов көшелерінің қиылысында бағдаршамның жасыл белгісімен өтіп бара жатқан Артем Долгалёвты көлік қағып кетті. Алайда, жас жігіт екі көшеден кейін арықтан мас күйінде табылды. Көлік қаққан жігіттің онда қалай барғаны белгісіз. Бірақ, Артемнің анасы бұл көлік жүргізушісінің ісі деп отыр. Оның сөзінше, Артемды қаққан көлік иесі қылмыс іздерін жасыру үшін, осындай әрекетке барған.

Алматылық жігіт өзін көлік қаққанын бір жарым ай бойы дәлелдей алмай жүр

Бұл туралы Астана арнасына сілтеме жасап, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Ұлымды күміс түстес Mercedes қағып кетті. Анығын білмеймін, C-класстағы көлік болуы мүмкін. Рөлде 25-30 жас аралығындағы жас жігіт отырды. Ұлты азияттық ірі денелі», – дейді жәбірленушінің анасы Марина Долгалова.

Артемды қағып кеткен көлік иесі қылмыс орын алғаннан кейін оқиға орынан ізін суытқан. Алайда, жүргізушіні анықтап, сипаттамасын жасауға куәгердің берген куәлігі көмектесті. Жас әйел күдіктінің қалай әрекет еткенін егжей-тегжейлі айтып берді.

«Ол Артемды қағып кеткеннен кейін көлігін тоқтатып, сыртқа шыққан. Тіпті камерада да оның көліктен бір нәрсені алып, Артем жатқан жерге қайта барғаны көрініп тұр. Куәгердің айтуынша, жүргізуші оған қатты айқайлап, көлігіне отырып жүріп кеткен. Себебі, артынан басқа көлік келді»,-дейді Артемның анасы куәгердің сөздерін есіне алып.

Жол-көлік оқиғасынан есеңгіреп қалған Артем оқиға орнынан өзі тұрып, кетіп қалды. Бірақ жұмыс істейтін кеңсесіне жете алмады. Туыстарының айтуынша, жас жігіт біраз жүргеннен кейін оны біреулер көлікке отырғызып, ішімдік беріп, соққыға жығып кеткен. Олар бұнымен қоймай Артемды арықтың ішіне лақтырып кетіпті.

«Донер сататын жерден қалай өтіп бара жатқанымды шала білемін. Сол күнгі оқиға толық есімде жоқ. Былайша, нақты бір нәрсе есімде қалмаған », – дейді зардап шегуші Артем Долгалов.

Артемнің жақындары сол күнгі оқиғаның көрінісін біртіндеп жинады. Олар Төле би көшесіндегі барлық мекемелер мен ұйымдарды, Жұмалиев көшесінен Мұқановқа дейін аралап, сұрастыруға мәжбүр болды. Жиналған материалдардың барлығы тергеушіге берілді, бірақ апат фактісін тіркеу үшін сараптама нәтижелері қажет.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау