Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық жігіт қазақ қызымен таныспақ болған шетелдікті қуып жіберді (видео)

Алматылық ер адам қазақ қызымен таныспақшы болған түрік азаматын ұстап алып, сабасынан түсірген.

ртпиамвс

Фото: mediananny.com

Бұл туралы NewTimes хабарлайды.

Роликте сөйлеп тұрған ер адам қазақ қызын ұстауға болмайтындығын түсіндіреді. Оқиға түн қараңғысында орын алған. Ол сондай-ақ, шетелдіктің нақты Түркияның қай қаласынан келгенін де сұрайды.

Ол әлеуметтік желіге роликті де өзі орналастырған.

“Жігіттерде намыс болмаса, қыздардан да ұят кетеді. Мен оларды саябақта көріп қалдым. Түрік жігіті қазақ қызымен таныспақшы болып оны бір жаққа қарай алып бара жатты. Мен оларды қуып жетіп ұстап алдым. Ал қыз түрікке болыса бастаған кезде, мен оған: “Сенің шаруаң болмасын!” деп шапалақпен ұрдым. Ал әлгі шетелдік болса менен тығылып қалуға тырысқан, бірақ оны бәрібір тауып ұстап алдым. Өзге ұлт жігіттерінің қазақ қыздарымен сөйлесуіне де болмайды. Бәрі сол әңгімелесуден басталады. Өз қыздарын қорғамаған жігіт, жігіт емес”, – дейді ол.

Талқылау