Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық жазушы халықаралық байқауда жеңіске жетті

Author.Today  әдеби порталының «Фантастикалық  оқиға» классикалық фантастика жанрындағы үздік романдардың халықаралық байқауының қорытындысы бойынша алматылық жазушысы Максим Лагно жеңімпаз атанды.

Алматылық жазушы халықаралық байқауда жеңіске жетті

Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Байқау 2017 жылдың соңында басталды. Оған «Фантастикалық жарылыс 2017» және «Бітпейтін оқиға» конкурстарында өткізілген жарыстардың нәтижелері бойынша іріктеліп алынған романдар ғана қатысты. Іс-шара шарттарына сәйкес қатысушылар кемінде 10 роман оқып, соларға пікір жазуы керек. Бұл шарттарды орындаған 19 қатысушының еңбектері басты жүлде үшін жарысқа түсті. Соңғы кезеңде әрбір қатысушының романын жеті судья бес элементтің контексінде 10 баллдық шкала бойынша бағалады.

Нәтижесінде, ең жоғары 9,37 балл жинаған Максим Лагноның 2017 жылдың 4 шілдесінде шыққан  «Әлемнің алтыншы жағы» романы жеңімпаз атанды. Жүлделі болған алматылық жеңімпаз ақшалай сыйлық алды.

«Әлемнің алтыншы жағы» сияқты осындай ерекше фантастикалық романның жүлделі болғанына қуаныштымын», – деді жеңімпаз.

Айта кетейік, Максим Лагно – Алматыдан шыққан суретші, иллюстратор, дизайнер және жазушы. Ол Ресей сыйлығының тізіміне енген «Шестая сторона света» және «Белый мусор», «Притворяясь мертвыми» романдарының авторы.

Оның еңбектері «ТМД елдерінің жас жазушыларының ең үздік шығармалары – 2012» және «Өзіңізе оралу» коллекцияларына енгізілді.

Оқи отырыңыз:

СҚО-да орыс тілін білмейтін жастар жұмысқа орналаса алмай қиналып жүр 

Өскеменде суға құлап кеткен ана мен баланы құтқарып қалған батырлар оқиғаның мән-жайын баяндап берді

Сағадиев медициналық университеттен қуылған 117 студент жайлы пікір білдірді

Талқылау