Алматылық жас әнші Испаниядағы халықаралық байқауда жеңімпаз атанды

Дүйсенбі, 11 Қаңтар , 2016 18:48

13 жасар алматылық Дана Әли Испаниядағы Voices of Costa Brava халықаралық байқауында Гран-при сыйлығына ие болды.

2016011117582420160111175824

Бұл туралы «Экспресс К» хабарлайды.

«Джаз вокалы» аталымында Данаға тең келер әнші болмаған.

Байқаудың соңғы сайысы 8 қаңтарда өтті. Жас әншіміз Гран-приден бөлек «Эстрадалық вокал» аталымында бірінші орынға ие болды.  Байқауда Дана Кристина Агилераның «Something’s got a hold on me», сонымен бірге Чак Джексон мен Марвин Янсидің «This will be» композициясын орындады. Айта кету керек, Дана Диана Шарапованың вокал мектебінің оқушысы.

20160111175827

Диана Шарапованың сөзіне қарағанда, оның мектебіндегі жұмыс еуропалық әдіске негізделген – адамдар алдымен ән салуға машықтанады, содан кейін теорияға көшеді.

– Вокалды шынайы сүйетін адам Вахрамеевтің теориясын да, Дубовскийдің гармониясын да тез ұғады деген сенімдемін. Бастысы тәлімгер бойынан ән айтуға деген сүйіспеншілікті, қызығушылықты ояту, – деді жас әнші.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар