Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық жанкүйер Дания құрамасы футболшысының бас киімін ұрлап кетті (видео)

Дания құрамасының жартылай қорғаушысы Пионе Систоның бас киімін Алматыда ұрлап кетті. Оқиға қазақстандық командамен кездесуден соң қолтаңба беру кезінде болған.

2501951

“Жанкүйерлердің бірі қолтаңба беру кезінде бас киімді жұлып әкетті, оның орнына қазақтың оюлары кестеленген қалпақты беріп жіберіпті. Алайда сәлден соң бас киімді қайтарып берді. Бірақ өз қалпағын қайтып алған жоқ!”, — деп жазды Instagram қолданушысы Азамат Әшімов.

Бәлкім, бұл спорт дәстүріне сай, зат алмасудың бір түрі шығар. Мәселен, футболшылар жейделерін жанкүйерлерге сыйға тартып жатады.

Алайда видеода өз еркімен бергені көрінбейді: Систо бас киімін жоғалтып алғанына сасып қалған сияқты, қайтарып беруін сұрап жатыр.

Футболдан әлем чемпионатының іріктеу турнирі Қазақстан мен Дания құрамалары арасында 10 маусым күні болды. Матч 1:3 есебімен даттардың пайдасына шешілді. Стадионда 19 мыңнан аса жанкүйер болған.

Оқи отырыңыз:

Қазақстанның үздік бапкерлері мен ойыншылары анықталды

Қазақстандық әртістер құрамасы футболдан әлем чемпионы атанды (фото, видео)

Қуат Найман: Димашқа Қайраттай болу үшін әлі біраз еңбектену керек

Геннадий Головкин ағасымен бірге Алматыға келді

Талқылау