Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық зейнеткерлер тегін нанға таласып жатыр

Алматыда тегін нанға кезекке тұратын зейнеткерлердің қатары көбейді. Таң бозынан дүкенге асығатын қариялар бір бөлке нанды қанағат етіп, үйді-үйлеріне тарқасады. Бірақ, қайырымдылық шараны ұйымдастыршуылар әкімдік, не болмаса құзырлы орын емес, қалалық әйелдер клубының белсенділері екен. Ал, зейнеткерлер болса, «қымбатшылық қыспаққа алғанда бір бөлке нанның өзі зор көмек» деп отыр. Бұл туралы КТК хабарлайды.

Дорбасын арқалаған қарттар күнделікті таң атпастан осы мекенді торуылдайды. Абыр-сабыр көрініске әрі-бері өтетін жұрттың да көзі үйренген. Бір қарағанда, ұзын-сонар кезекке тұратын тапшылық уақыттағы 90-шы жылдарды еске түсіреді.

“Бұрын алмайтынмын. Бала ақша тапқанда алмайтынмын. Қазір балалар жұмыс істейді, бірақ айлығын бермейді. Кейде жұмыстан шығарып жібереді.Сонымен нан алмағанда не аламыз? Бергенін аламыз”, – дейді зейнеткер Сәндігүл Алпысбайқызы.

Қайырымдылық шараны ұйымдастырушылар екі жыл бойы тынымсыз еңбек етіп жүр. Күнде зейнеткерлерге 130 бөлке нан тегін таратылады. Алғашында игі іске мүшелік жарнадан түсетін қаражат жұмсалған. Кейін сауда орындарында түрлі сатылымдар өткізіп, шараның ауқымын кеңейтуді қолға алыпты.

“Киімдер, не болмаса кітаптар алуға болады. Басқа да дизайнерлік бұйымдар ала аласыздар. Барлығы өздерінің үлестерін қосқысы келіп, тегін түрде береді. Немесе 50-де 50 пайыз ақшасына келісеміз. Әр түрлі жағдайда үлестерін қосады”, – дейді «Алма-Ата» әйелдер клубының мүшесі Мәдина Науқанова.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, зейнеткерлерді бір ай тегін нанмен қамтамасыз ету үшін 200 мың теңге кетеді. Астана қаласында да күніне 20 бөлке нан таратылады екен. Тіпті, алматылық әріптестерінің бастамасын қуаттаған Жезқазған қаласының іскер әйелдер қауымы да қайырымдылық дүкенін ашып жатыр.

Тағы да оқыңыз:

Көп балалы ана балаларын пешке жағып жіберіп видеочат арқылы әкесіне көрсеткен

ОҚО облыстық жанармай қауымдастығының төрағасы бензин бағасын 220 теңгеге көтеруді ұсынды

Қазақ қызы: Қазақстан туралы көзқарасым бұрынғыдай жақсы емес, Монғолияда не Түркияда тұрғаным мың есе артық

Талқылау