Алматылық ұстаздар балалар үйінің тәрбиеленушілеріне киім тігіп бермек

Алдағы балалар күні қарсаңында Қазақ технология және бизнес университетінің ұжымы Астанадағы №1 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне ерекше сый жасап, мерекелік киім тігіп бермек. Ал бұл игі бастамаға Тұңғыш Президент қоры демеушілік танытып отыр, – деп хабарлайды КТК арнасы.

0жэхз

“Балалардың көбісі әр түрлі даун дертімен ауырған. Әр түрлі диагноздары.  Соларға арналған киімдер болған соң әрқайсысына өлшемдер аламыз. Сол өлшемдер бойынша тігіледі киімдер”, – дейді Қазақ технология және бизнес университетінің студенті Айжан Заипова.

Қайырымдылық жоба аясында 300-ге тарта киім үлгісі тігілмек. Оған университет ұжымы мен студенттері өз ынтасымен қатысып жатыр. Балалар үйіндегі әрбір бүлдіршіннің өлшемі алынып, соған сай арнап тігілмек. Осындай ерекше сый жасауды бұл ұжым көптен бері көздепті. Бітер істің басына Тұңғыш Президент қоры келіп, бүгінде сән көйлектер мен спорттық киімдер тігу жұмыстары басталып кеткен. Тігіншілер 20-шы мамырда өтетін спорттық шараға 200 киім, қалғанын 1-ші маусымда болатын концертке дайындап бермек.

“Университет ұжымы бізге осындай жобасымен бірнеше рет жазбаша өтініш жасаған болатын. Қор басшылығы оны қолдау туралы шешімге келді. Өйткені, мәселе балаларға қатысты. Ал балаларға арналған жобалар бізде ылғи алдыңғы кезекте тұрады”, – дейді Тұңғыш Президент қорының баспасөз хатшысы Әлия Ахметова.


Жіберіп алмаңыз:

Алматы облысында өгей ұлын өлтірді деп шатылып жатқан әйел түрмеден құтылуы мүмкін

Қарағандыда ішіп рөлге отырғаны үшін жазаланған шенеунік аудан әкімі болып тағайындалды

Елбасы “Назарбаев Университеті” басшысымен ағылшынша сөйлесті (видео)

Назарбаев кәсіпкерлерге қысым көрсетуді доғаруды талап етті

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
18.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар