Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық тұрғын ағасының дәрігерлердің сапасыз қызметі үшін қайтыс болғанын айтып шағымданды

Алматы қаласының тұрғыны әлеуметтік желіде басынан өткен жайт туралы айтып, дәрігерлерді сапасыз қызмет көрсетті деп айыптады. Себебі таяуда қаладағы ауруханалардың бірінде ағасы қайтыс болған екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматылық тұрғын ағасының дәрігерлердің сапасыз қызметі үшін қайтыс болғанын айтып шағымданды

«Биылғы жылдың 3 қыркүйегінде ағам Ерболдың жағдайы нашарлап , сол күні жедел жәрдем шақырдық. Олар ағамды ауруханаға алып кетуден бас тартты. Себебі №7 ауруханада бауыр циррозы дертіне шалдыққандарды тек портал арқылы қабылдайтынын айтқан. Мұнан кейін біз №16 емханадан учаскелік дәрігерді шақырдық. Ол «Эссенциале форте» және «Урсусан» дәрілерін тағайындады. Одан кейінгі күндері ағамның ауруы басылмады. Ал дәрігер тек сол дәрілерді қабылдау керектігін айтты. Ол кезде ағам есін біліп жатқан еді», деп жазды Алтынай Жүнісова Facebook желісінде.

Ербол Көшербаев аурыпы жатқан кезде үйінде көмек көрсетіп жүрген мейіргер төрт күннен кейін шұғыл түрде жедел жәрдем шақыртыпты. Сөйтіп ер адамды №7 ауруханаға алып барған.

«Қалқамандағы №7 ауруханада менің анам ағамды қоларбамен бір кабинеттен екінші кабинетке өзі алып жүрді. Талдау жасау керек болатын. Мұнан кейін олар 3 рентген және 2 УДЗ жасады. Сол кезде аурухананың бір де бір қызметкері көмектеспеді. Ағамның талдау нәтижелері нашар болғандықтан, тек сағат 16:00-де жан сақтау бөліміне алып кетті. Біз жан сақтау бөлімінің нөмірі бойынша түнімен қоңырау шалдық. Алайда олар тек сағат 22:30-да жауап беріп, жағдайы ауыр екенін айтты. Ал ертесі күні таңертең қайтыс болғанын хабарлады», – дейді Алтынай Жүнісова.

Алтынайдың сөзінше, дәрігерлер пациенттің бүйрек жеткіліксіздігі, көп азғалық жеткіліксіздік, сепсис салдарынан көз жұмғанын айтқан.

«Сол күні түсте ағамның мәйітін мәйітханаға тапсырды. Мәйітханада да біраз жайтқа тап болдық. Ағамның денесін тек дүйсенбі ала алатын болдық. Алайда ауруханадан ағамның үйде қайтыс болғаны туралы анықтама берілетіні берілетінін айтып, осындай шарт қойды. Ал бұл анықтамасыз зираттан орын алу мүмкін емес. Ағамды жерлеу керек, Қазақстанның барлық бұрышынан туыстарымыз келді. №7 ауруханада бізге расымен де осындай анықтама берді. Онда бөлім меңгерушісі Исабекова Т.Ш. қол қойған. Бұл қалай болғаны? Ол Қалқамандағы аурухананың жан сақтау бөлімінде қайтыс болды ғой», – дейді Алтынай Жүнісова.

ҚазАқпарат мәліметінше, Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті Алтынай Жүнісованың шағымынан кейін, Алматы жедел жәрдем стансасы мен №7 қалалық клинкалық ауруханада жоспардан тыс тексеру жұмыстарын бастағанын хабарлады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау