Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда таксиші жапониялық турист қалдырып кеткен iPhone мен төлем картасын қайтарып берді

Алматылық такси жүргізушісі жапон туристінің ұмытып көлікке қалдырып кеткен заттарын қайтарып берген. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

454545

Астанадағы Жапония елшілігіне алматылық такси жүргізушісінен қоңырау келіп түскен. Ол жапон туристерінің бірі өз көлігінде iPhone 6S пен төлем картасын қалдырып кеткенін хабарлапты.

Құнды заттар иесіне қайтарылып берілген.

“Таңертең әдеттегідей жұмысқа келе жаттым. Алматы-2 вокзалына бара жатқан жолаушыларды ала кеттім. Әдеттегідей жетіп, есеп айырыстық. Мен өз жұмысыма қарай бет алдым. Жұмыс уақыты аяқталған соң қызымды мектебінен алып кеткенмін. Артқы орындыққа отырған қызым менен телефонымды неге артқа тастағанымды сұрайды. Мен не айтып тұрғанын бірден түсінбедім. Ол маған телефонды көрсеткен кезде барып таңертең отырған жолаушының заты екенін түсіндім”, – дейді Талғат.

Атағын шығарғанды жаны қаламайтын Талғат, фамилиясын айтпады.

“Полицияға айтып едім, олар Жапония елшілігіне хабарласу керектігімді айтты. Мен оларға сурет жібердім. Көп ұзамай телефоныман орыс тілінде хабарлама келді (шетелдік азамат аударма бағдарламасын пайдаланған). Нөмір бойынша Балқаштағы қонақүйге хабарласып, туристі таптым”, – дейді ол.

Бұрын такси қызметінде жұмыс істегенін айтқан Талғат, түрлі жағдайларға кез болған екен.

“Адамдар телефонын ұмытып кететін, бірақ, ол уақытта бәрі қазіргідей сенсорлы емес еді. Біз оларды дереу иелеріне қайтарып отырдық”, – дейді ол.

Осылайша қымбат телефон мен карта өз иесін тапқан. Қазақстаннан кейін Қытайға бармақшы болған турист қазақ жігітінің әрекетіне риза болған. Қазақстандағы жапон өкілдігінің дипломаты такси жүргізушісінің қайырымды ісіне ризашылық білдірді.

Оқи отырыңыз:

Жолаушы көлікте қалған ақшасын қайтарғаны үшін таксиске үй мен көлік алып берген

Астаналық азамат отбасынан адасып құлдықта болған ер адамды туыстарымен табыстырды

Шашын қызылға бояп, шарап ішетін енелер кімге үлгі болмақ?

БҚО-да байлаулы тұрған ит босанып кетіп қойға шапты

Талқылау