Алматылық такси жүргізушісі жас аруларға “жеңгетай” болып жүр

Дүйсенбі, 25 Қыркүйек , 2017 10:55

Бес жылдық тәжірибесі бар Алматылық такси жүргізушісі талай бойжеткеннің «бағын ашып, қалтасын қампайтқанына» мақтанады. Ол Stan.kz тілшісіне жолаушылармен жұмыс істеудің өзінше тәсілі жайлы айтып берді.

Арман қуып, Алматыға келіп, дипломын қолға алмай жатып, сәнді-салтанатты өмір сүргісі келетін арулар жайы жауыр болған әңгіме. Бұл мақсат жолында бесіктен белі шықпаған арулар бәріне дайын. Бұл жолы олардың жайын алып шаһардың тәжірибелі такси жүргізушісі айтып берді.

«Қалталарында көк тиын жоқ, бір алыс мекен-жайды отырып алады. Межелі жерге келген соң ғана ақшасы жоқтығын айтады. Бірден тегін жеткізіп салуды өтінетіндер де бар. Соңынан жол ақысының өтемі ретінде қызметін ұсынады. Тіпті, түр-түрін тізіп береді. Әрқайсысының ақысына қарай ақшаны сосын мен төлеймін», – дейді жүргізуші.

Мұндай жағдай бір жетіде, кем дегенде, 1-2 рет кездесетін көрінеді. Қыздардың дені 19-20 жас арасындағы студенттер. Ал қызмет түрлері 2-3 мың теңгеден басталады екен. Бір күндік ішіп-жеуінен әрірек асып, тұрақты жоғары табыс тапқысы келетіндерін таксиші «өзім жайғастырып жіберем» деп мақтанады.

«Жақында ғана 19-жасар жолаушы ару өзіне демеуші іздеп жүргендігін айтып, қолғабыс болуымды өтінді. Параметрлерінің бәрі талапқа сай келіп тұр: сұлу, сымбаты да келісті. Өтінішін жерге тастамай, өзім қолынан жетектеп барып, таныс дөкей көкеме табыстадым. Соңынан телефон арқылы жағдайын біліп тұрдым. Бәрі көңілінен шығатынын айтып, алғысын жаудырып жатыр», – дейді таксиші.

Мұндай өтініш білдіретіндердің арасында жасы 20-дан асқан қыздар да бар көрінеді. Дегенмен, жүргізуші «кәрі қыздардың бұл салада жарамсыз екенін айтады».

«Ірі клиентке табыстамас бұрын өзім тексеруден өткіземін қыздарды. Көкірегі, физикалық ахуалы, бәрі қаз-қалпында болуы керек», – дейді ол.

Көлікке отырған келбеті келісті қыздарға өзінің бірінші болып ұсыныс тастайтынын да жасырмады.

Таксиші: «Келіспейтіндер де бар, әрине. Бірақ қазіргі жігіттер ондай қыздардың соңынан жүгіріп, несіне бас қатырсын, 2-3 мың теңгеге бәріне даяр сұлу қыздар болса. Алматыда не көп, түрлі өңірлерден келген қыздар көп. Оларды түсінуге болады. Үлкен қалада күн көру оңай емес, сондықтан ақша табудың оңай жолын іздейді. 9 сағат бойы жұмыста жүріп 4-5 мың теңге тапқанша, сол ақшаны бір сағаттың ішінде табуға болады».

Ол мұндай жағдай әріптестерінің де күнделікті жұмысында жиі кездесетінін айтады. Алайда, соңынан әлгіндей арулардың аман-есен тұрмыс құрып, ана атанатындарына сенімді.

«Ол қыздардың болашағына алаңдамауға болады. Қайдан табатынын білмеймін, әйтеуір, дені дұрыс жігіттерге тұрмысқа шығып алады. Мысал ретінде айтайын, бірде әріптес досым екеумізбен қатар ұзақ уақыт бойы істес болған бір аруды гинекология бөлімінде жолықтырдым. Өзім онда аяғы ауыр жұбайымды апарғанмын. Әлгі қыздың да аяғы ауыр екен, жанында жолдасы отыр. Оған таңқалған жоқпын, себебі өзгелерін де жиі кездестіріп тұрамын», – дейді таксиші.

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.

Жіберіп алмаңыз:

Әнші Гаухар Қаспақова сахнадан көрінбеуінің себебін түсіндірді

Төреғали желіде Ерке екеуін масқаралаған видеоға қатысты түсініктеме берді

Алматыда ата-анасы жасап берген үйлену тойына діншіл жас жұбайлар қатыспай қойды

Тойхананың ақысына ақшасы жетпеген жігітті қалыңдығы сол жерде тастап кетті

Төреғали үйленіп алып екі балалы болғанша той жасамауының себебін айтты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар