Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық такси шетелдік клиентті әуежайға дейін апарып 9 мың теңге алған

Алматылық такси қызметіндегі көлік жүргізуші қызметкерлердің бірі ресейлік клиентті “Қазақстан” қонақүйінен әуежайға дейін апарып салғаны үшін 9 мың теңге алған.

114093

Сурет almaty.all.biz

Бұл туралы Алексей Новохацкий есімді Алматы тұрғыны өзінің Фейсбуктағы парақшасында жазды.

“Чекте күні мен такси нөмірі жазылған. Қонақ Ресейден келгендіктен бұл жақтың бағасын білмеген. Ол бізге осынша төледім деп айтқанда, “сені алдап кеткен болуы мүмкін” деп айттық. Негізінде оның барлық шығынын компания көтеріп, іссапарға жіберіп отыр. Бірақ, бұл жағдай біздің ашуымызға тиді. Суреттегі чек шынайы, оны жүргізуші берген”, – дейді автор.

03d07af388f14eae85012224fdcb24b9

Ал такси қызметі болса, аталған бағыт бойынша такси құны 3,7 мың теңгеден аспауы тиіс дейді.

“Онда 01.06.2016 деп уақыты көрсетілген, демек 1,5 ай бұрын. Бұл шынымен біздің қызмет екеніне дәлел бар ма? Бұл сірә, бәсекелестердің ісі сияқты. Біздің ресми тарифтеріміз бар, олар барлық жерде көрсетілген әрі оны бәрі біледі”, – деді “Эко такси” компаниясының жетекшісі Максим Сарсенов.

Ол сондай-ақ, аталған факті бойынша қызметтік тексеру басталғанын айтты.

Талқылау