Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық сарбаз полицияға автоұрыларды ұстап берді

12881 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері, оқ-дәрі жеткізуші ротаның жүргізуші маманы Шахзат Гаппаров көлік ұрыларын ұстауға көмектесті.

Алматылық сарбаз полицияға автоұрыларды ұстап берді

Әскери бөлімнің баспасөз қызметінің мәліметінше, Гаппаров қонақтан үйіне қайтып келе жатқанда подъезд маңынан 4 жігітті байқап қалады. Олар ауладағы көліктерді қарап жүрген. Жауынгер олардың әрекеттерін аңдып, ұрлық жасамақ болған ниетін түсінген соң дереу полиция шақыртады.

Полицейлер жас жігіттердің қолға түсіріп, Әуезов аудандық полиция бөлімшсіне жеткізді.

Кейіннен полиция Гаппаров іздеуде жүрген ұрыларды ұстауға көмектескені үшін әскери бөлімге алғыс хат жолдады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау