Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық режиссер Арал теңізі жайлы фильм түсірді

Алматыда режиссер Жаннар Шораеваның «Ақырғы теңізге» атты фильмнің тұсаукесері өтті. Сценарий бір күнде жазылып, фильмнің өзі 10 күнде түсіріліп біткен. Тартылған теңіз бен оның жағасын мекен еткен жандардың тағдыры туралы туынды алдағы уақытта көрерменге жол тартпақ. Бұл туралы КТК хабарлайды.

Алматылық режиссер Арал теңізі жайлы фильм түсірді

Мазмұны өте қарапайым болып көрінгенмен, бұл фильм өзінің шынайылығымен көрерменді баурап алары сөзсіз . Суы тартылып, құрдымға кетіп бара жатқан Арал теңізінің жағасында Фатима өзінің он жастағы немересі Асланмен бірге тұрады.

Құдайдын өзі ұмыт қалдырған осы құлазыған қу далаға, үлкен қаланың мазасыз тіршілігінен мезі болған Гауһар есімді жас қыз келеді. Осы адамдар құрғаған теңіздің жағасында тұрған кемелер сияқты екінші мүмкіндік пен қайта жаңғыруға шын көңілдерімен сенеді. Жас режиссер өзінің тырнақалды туындысында, тартылған теңіз бен оның жағасын мекен еткен адамдардың аянышты тағдырын ұштастыра білген.

“Мен бұл сценариді басында берген кезде бірден түсем дедім. Өйткені сценарий ұнады. Бағасын өздеріңіз бере жатасыздар”, – дейді актриса Райхан Айтқожанова.


Оқи отырыңыз: Арал теңізі туралы мәлімет

Талқылау