Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық полицейлер бөлімшеде босана жаздаған әйелге көмек көрсетті

Алматыда жол-патрульді полициясының қызметкерлері постта босанып қалған әйелге көмек көрсетті. Оқиға 8 қыркүйек күні Первомайский көшесіндегі стационарлық постта орын алды. Бұл туралы Алматы қалалық ІІД-ге сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Алматылық полицейлер бөлімшеде босана жаздаған әйелге көмек көрсетті

Полиция инспекторы Айдын Майлыхановтың сөзіне сенсек, постқа Nissan Almera автокөлігі келген. Автокөлік салонынан абыржыған ер азамат жүгіріп шығып, салонда әйелінің босанайын деп жатқанын хабарлаған-ды.

Ерлі зайыптылардың Алматы облысынан қалаға қарай бет алғаны кейіннен анықталды. Жолда екіқабат әйелдің суы кетіп, толғағы басталған.

“Әріптесім, аға сержант Бақытжан Мырзатаев “жедел жәрдемге” қоңырау шалып жатқан кезде, мен баланың келіп қалғанын, оны қабылдауға дайын болу керектігімізді түсіндім. Әйелдің күйеуін жақын жердегі АЗС-ке жіберіп, 5 литрлік су әкелуін өтіндім. Абырой болғанда, біздің дәріханамызда қажетті медициналық құрал-саймандар табылды. Тек таза стерильді орамал болмай қалды. Серіктесім Мырзатаев баланы орау үшін өзінің жейдесін дайындап қойды. Сондай-ақ, полиция капитаны Мерей Атымтаев та көмекке дайын тұрды”, – дейді полицей.

Бұл аралықта оқиға орнына жедел жәрдем қызметі келіп жеткен. Медицина қызметкерлері әйелді жақын маңдағы №4 перзентханаға жеткізбекші болады. Полицейлер жедел жәрдем көлігін емханаға дейін шығарып салады.

Арада уақыт өткен соң 26 жастағы келіншектің ұл бала босанғаны белгілі болды. Дүниеге жаңа келген сәби – отбасындағы екінші бала.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау