Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық полицей аса ауыр қылмыста адам құтқарғаны үшін марапатталды

Алматы қаласы ІІД жол полициясы арнайы мамандандырылған бөлімінің полиция капитаны Елдос Абдрахимов сейсенбі күні Астана қаласында мемлекет басшысының қолынан ІІ дәрежелі “Айбын” орденімен марапатталды.

a48bb117f89f48d9e62f9ecca65541cee37b56

Бұл туралы Алматы қаласының ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

“Бұл марапат менің бұдан әрі қарай да ерлік жасауыма, кәсіби және қызметтік тұрғыда өсуіме күш береді. Менің ішкі істер органдарындағы қызметім енді басталып жатыр. Бұдан кейін де Отанға адал қызмет етіп, қоғамға пайдамды тигізетініме сенімдімін. Алматы қаласының полицейлері арасында өз ісіні нағыз мамандары қызмет етеді. Олар қашанда азаматтарға қол ұшын беріп, қылмыстың алыдн алуға дайын тұрады”, – дейді капитан Абдраимов.

Еске сала кетейік, жол полицейі аса ауыр қылмыстық істің бетін ашқан болатын. Анығын айтар болсақ, Алматы қаласының Желтоқсан көшесімен оңтүстікке қарай бет алған “Тойота Камри” көлігі полицейлердің назарын аударады. Жол ережесі бойынша ол көше тек бір бағытқа, солтүстікке қарай, жүруге арналған. Полицейлер көлікті тоқтатып, салонда теперіш көрген ер азаматтың тауып алады. Кейіннен азаматтың кәсіпкер екені анықтылды. Тергеу ісінің нәтижесінде, адам ұрлаушылар кәсіпкерді күштеп алып кетіп, оның қайтарымы ретінде туысқандарынан 1 миллион теңге көлемінде ақша сұрауды талап еткені белгілі болды.

Талқылау