Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық оқушы өмірін қатерге тіге отырып, ұрыны ұстады

Алматылық мектеп оқушысы ешкімнің көмегінсіз ұрыны ұстаған. Магомедамин Килоев зейнеткердің әмиянын ұрлап баражатқан азаматты қуып жетіп ұстаған. Ол полицейлер келіп жеткенше қылмыскерді ұстап тұрған.

15 жастағы жігіт

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Бұл батырлық оқушыны көз жанарынан айыруы мүмкін еді. Себебі,ұрының қолында шыныдан жасалған бөтелке болған.

«Мен оның ізінен қуып бардым. Ол мені бір ұрды,қорғанып қалдым. Мен оның қолындағы бөтелкені байқағаным жоқ, тура бетпе-бет бардым. Сол кезде тағы бір рет ұрды. Мен қолындағы не екенін аңғармадым. Сынықтары ұшқанда барып байқадым. Көмек келгенше қалай да ұстап тұру керек деп ойладым»,- дейді тоғызыншы сынып оқушысы.

Магомедамидің батылдығы полиция қызметкерлері мен шенеуніктерді таң қалдырды. Мемлекет қызметкерлері  батыл жігіттің үйіне барып алғыс айтып ноутбук сыйлады. Осындай тәрбие берген анасына ыдыс тарту етті. 15 жастағы оқушы мектептегі тәртіпті де қадағалап жүреді. Әлсіздерге әрдайым қолдау көрсетуге дайын. Біраз уақыт бұрын полиция қызметкерлерінің жас көмекшілері қатарына кіріпті. Бірақ,ол өскенде  бұл сала бойынша жұмыс істегісі келмейді. Арманы кино саласында режиссер болу екен.

 

 

Талқылау