Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық мүгедек жан өзін Қапшағайдағы казиноға кіргізбегені үшін сотқа шағымданды

Алматылық мүгедек жан Вадим Коинцев казинодан 20 миллион теңге талап етуде. Былтырғы жылдың жаз айында оны ойын ғимаратына кіргізбей қойған. Ондағылар мүмкіндігі шектеулі жандардың кіруне тыйым салынғанын айтқан. Осыдан кейін Вадим өзін кемсіткені үшін казиноны сотқа берген.

Безымянный

Сурет: ©ЭК/Татьяны Куан

Бұл туралы Экспресс К хабарлайды.

Вадим Кодинцев осыдан 10 жыл бұрын жол апатына ұшырап, содан сал болып қалған. Қазір ел қатарлы жұмыс істейді, көлік жүргізіп, шетелдерге барып тұрады.

-«Бастапқыда олар маған сатымен көтерілуге көмектесті. Мен неліктен жедел сатымен көтерілуге болмайтынын сұрағанымда, күзетшілер онымен тек VIP клиенттердің қолданатынын айтқан. Содан соң арбаға таңылған жандардың мұнда кіруіне болмайтынын айтты. Қайда барып арыздансаң да, өзің біл деді», – дейді Вадим.

Кодинцев Қапшағай қалалық сотына арызданған. Тіпті, казино күзет қызмекерлерімен сөйлескен сөзін де дәлел ретінде көрсеткен. Алайда, сот оның шағымын қараудан бас тартқан.

-«Сот оның аудиожазбасын заңсыз түрде алынған болуы мүмкін болғандықтан қабылдаған жоқ», – дейді заңгер Анна Смирнова.

Алайда, Вадим аппелляцияға жүгінді. Оның айтуынша, бұған ақша үшін емес, қоғамға өзі секілді жандарды кемсіту мәселесін көрсету үшін барған.

Татьяна Куан

Талқылау