Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық лаңкестің әйелі тергеушілерден қысым көргенін айтты

Алматыда 6 адамды атып өлтірген лаңкестің полицейлерге өштескенін әйелі де растады. Арам ойын тіпті түрмеде жатып жоспарлағанын тергеушілерге өзі айтып беріпті. Бұл туралы КТК хабарлайды.

Snimok-yekrana-91

 

Бірақ Аяулым Үмбетқұлова күйеуінің нақты жоспарын білмедім дейді. Оның үстіне соңғы кезде үйде де жанжал жиілеп, тіпті әйелін қоқан-лоққы жасап ұстап отырған екен. Ал ажырасып кетуге келіншектің жүрегі дауаламаған.

“Ая басқа біреуге тиіп бақытты болып кетемін деп ойлама деді. Сені сол байыңмен қосып өлтіріп кетемін деді. Атып кетемін деген жоқ өлтіріп кетемін деді. Басқа қалаға қашып кетсем не істейсің дедім. Қашып кете бер, үйіңдегі жақын біреуді өлтіремін, әкеңді шешеңді деді. Сол кезде сол өлікке келесің ғой сол кезде тауып аламын деді. Сол кезде сені де өлтіремін деді”,- дейді Аяулым Үмбетқұлова.

Аяулымның айтуынша, күйеуі кісі өлтіруден тайсалмайтын мінезді түрмеден тауып келген. Полицейлерге шабуыл жасауды да сол темір тордың арғы бетінде жатып-ақ ойластырыпты. Сөйтіп, ұзақ уақыт жоғалып кететінді де шығарған. Сондықтан Аяулым лаңкестің қамалғанына қатты қынжылып отырған жоқ.

Керісінше күйеуінің кесірінен басы бәлеге қалып, тергеушілерден теперіш көріп жатқанын жайып салды. Қатты қорқып қалған ол өзіне құқықтық кеңес беретін заңгерлерден көмек сұрап отыр.

“Шегіп отырған темекісінің қорабын лақтырды. Сөйтіп қоқан-лоққы көрсетіп жатыр. Менің не кінәм бар? Неге олар мені қинай береді?” – деді Аяулым Үмбетқұлова.

Бұған дейін лаңкестің келіншегі күйеуінің әрекеті үшін халықтан кешірім де сұраған еді.

Дүйсенбі, 18 шілде күні Алмалы аудандық полиция басқармасына, сосын ҰҚК департаменті ғимаратына шабуыл жасалды. Нәтижесінде 6 адам қаза тауып (үш полицей, бір шекара қызметкері және бір бейбіт тұрғын), 8 адам зардап шекті. Билік аталған оқиғаға теракт деп баға берді. Ал ұсталған күдікті бұрын сотталған 26 жастағы Қызылорда облысының тумасы екен.

Біраз уақыт бұрын ғана ішкі істер министрі қаскөйдің полициядан кек алмақ болып шабуыл жасағанын айтты. Кейінірек қалада болған атыстың бейнежазбасы да пайда болды.

Талқылау