Алматылық қыздың бет-жүзіне шыққан жарасы асқынып, мұрнынан айырылды

Алматылық қыз Алмагүл Жолдасова жараның кесірінен мұрнынан айырылған. Енді ота арқылы емделіп жатыр, деп хабарлайды КТК арнасы.

Бойжеткеннің тағдыры бетпердеге тәуелді. Ол жарадан ұялып, бетперде тағып жүруге мәжбүр болды. Тумысынан гемангиома, яғни қан тамыр ісігі дертіне шалдыққан. Бастапқыда жара болып шыққан дерт уақыт өте асқына берген.

“Тігін кәсібімен айналысқым келеді. Яғни стилист мамандығын да бірге алып жүремін. Өз бизнесімді, ательемді ашсам ба деймін.  Көп уақыттан бері толыққанды бет-әлпетсіз жүрген қиын соғады. Кейде адамдар қарайды деген сияқты. Іштей өзімді жаман сезінемін”, – дейді Алмагүл Жолдасова.

2012 жылы Алмагүлдің мұрнына ота жасаған. Дәрігерлер мұрнының ішкі қуысын қалпына келтірген. Енді сыртқы пішінін жасау үшін тағы ота жасайды. Оған кореялық мамандар көмектеспек.

“Негізі мұрынның шеміршектері, терісі, бәрі гемангиомадан еріп кеткен. Болған жоқ. Жасаудың әдісі бар. Маңдай терісінен етін ауыстырып, солай жасаймыз. Қазіргі кезде бізге Оңтүстік Кореядан мамандар келген. Солармен бірге бір кезеңін жасайын деп жатырмыз”, – дейді балалар бет-жақ хирургиясы бөлімінің меңгерушісі балалар бет-жақ хирургиясы бөлімінің меңгерушісі Серік Нұрмағанов.

Дәрігерлер Алмагүлдің жарты жылда ел алдында еркін жүре алатынын айтып сендіріп отыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
16.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар