Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық қыздың басына әйнек құлаған бизнес-орталықтан кінәлі адам табылмады

Алматыдағы «Нұрлы Тау» бизнес-орталығы қасындағы “Odysseya” кафесінде болды. Оқиға куәгері  түскі тамаққа келген қыздың үстіне 4-қабаттан сынған әйнек түскенін айтады. Оның сөзінше қыз күннен қорғайтын шатырдың астында отырған.

Безымянный

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Соның өзінде жоғарыдан түскен сынық әйнек оның желке тұсы мен аяғын кәдімгідей жарақаттаған. Себебі, қыз отырған жердің өзі қан болды дейді.

Басы жараланған Маргаритаға дәрігерлер бас-сүйек ми жарақаты деген диагноз қойды. Тағы 12 күн ол ақ халаттылардың қарауында болмақ. Сосын тағы бір ай емделетін болады. Зардап шегуші оқиғаға кінәлі адамдардың әлі кешірім сұрап келмегенін, сондықтан өз қаражатына емделіп жатқанын айтады.

«Ғимарат әкімшісі де, заңгерлер де ешкім келіп кешірім сұраған жоқ. Ауруханаға ешкім келмеді. Маған күніне екі рет салуы керек дәрінің өзі 4450 теңге тұрады», – дейді Маргарита.

«Біздің әкімшілікке жалға алған кезде сыртқа сәкілерді қоюға болмайды деп ескерткен жоқ. Тек қайғылы жағдайдан соң ғана айтты. Шындығында әйнектің құлайтынын ешкім білген жоқ», – дейді дәмхананың бас аспазы.

Бизнес-орталықтың әкімшілігі бұған олардың кінәсі жоқ екенін айтады. Оған кеңсені жалға алушылардың кінәлі дейді. Өйткені солардың әйнектері құлаған. Алайда кеңсе әкімшісі де бұған өздерін кінәлі емеспіз деп санайды. Олар мұнда жақында ғана келгенін айтады. Енді тек тергеу нәтижесінде бұл оқиғаға кімнің жауапты екені анықталмақ.

Жіберіп алмаңыз:

Шымкентте мас әйелдер сауна әкімшісін шанышқы, пышақпен жарақаттады

Алматы облысында жігіт анасы мен көшедегі екі адамды пышақпен жарақаттады

БҚО-да қоқыс контейнері көліктен құлап, аяғы ауыр келіншекті жарақаттады

Талқылау