Алматылық қыз "бай" жігітке тұрмысқа шығу үшін миллион теңгесін тәрк еткен

Сейсенбі, 17 Қазан , 2017 11:21

Өзін қалталы азамат ретінде көрсеткен алматылық сымбатты алаяқ жігіт қыздарға үйленемін деп алдап, олардар миллион теңге жымқырып кеткен.

Бұл туралы Patrul.kz жазады.

Алаяқ қыздармен танысып, олармен бірнеше рет кездескеннен кейін оған үйленгісі келетінін айтқан. Ісі сенімді шығуы үшін өз отбасымен де таныстырып, қымбат мейрамханаларға да апарған.

Өзі арманындағы жігітті жолықтырып, оның үстіне оның байлығы мен ықпалдылығына куә болған қыз алаяқтың қолына миллион теңге ұстата салған. Ал жігіт болса ақша өзіне автокөлік сатып алу үшін керек деп алдаған. Ол кей қыздарға беделді лауазымды қызметтер ұсынып, тиісті ақшасын алып отырыпты.

Ақша қалтасына түскеннен кейін ол барлық романтиканы доғарып, тайып тұрған. Алаяқтың арбауына түскендерін бір-ақ білген алматылық қыздар полицияға шағым түсіреді. Қазіргі таңда жігіт тарапынан жасалған алты алаяқтық әрекет тіркелді. Оның ісін қазір Әуезов аудандық полициясы қарастырып жатыр.

Тағы да оқыңыз:

Елімізде күдіктінің кінәсін дәлелдей алмаған тергеушілер айыппұл төлеуі мүмкін

Қазақстандықтарға телефонының тыңдалымға қойылғандығы жөнінде қашан айтылады

Ақтөбеде футбол жанкүйерлері атыраулық жігітті сабап тастады

Елімізде ұсақ парамен ұсталғандар қамауға алынбайтын болды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар