Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық көпқабатты үйдің жанына киіз үй құрып жұртты таң қалдырды (фото)

 Алматылықтар  бір азаматтың баспана мәселесін осылайша шешкеніне сенімді. Себебі, киіз үй  көпқабатты тұрғын үйдің ортақ ауласындағы есігінің алдына қойылған.

киізүй

Мұны көргендердің таң қалғаны соншалық сырын білмекке үңіліп,  ZTB  сайтының желідегі парақшасына жүктеген. Сондай-ақ, киіз үйдің не себепті қойылғанын білетіндер болса жауап қатуын сұраған.

«Қазіргідей ұшып тұрған пайыздық өлшеммен үй алып, оны құтыла алмай әуреленгенше уақытша осындай  баспананы паналаған дұрыс» деген желі қолданушыларының бірі.

Тағы бір желі қолданушысы мұны жұрт ойлағаннан да қайғылы мәселе болуы мүмкін деп жорыды: біреу қайтыс болған болуы мүмкін.

«Көпшілік дұрыс түсіне бермейді. Көпқабатты үйде адам қайтыс болған кезде  шатыр мен киіз үйдің пайдасы зор»,-деп жазған желі қолданушыларының бірі.

Бірақ бұл болжамды білетіндер бірден жоққа шығарды.

«11 шағынаудан, ешкім қайтыс болған жоқ. Олай жаман ойламаңыздар. Мұны әдейлеп жазға арнап досым құрды. Бұл киіз үй  студен көшесінің бойында Правда мен Береговой көшелерінің ортасында»,-деген тағы бір азамат.

Ыңғайлы әрі арзан баспана тек Қазақстанда ғана емес өзге де елдерде өте танымал. Осы жылдың ақпанында  канадалық студенттің  пәтер жалдау шығынынан құтылу мақсатында киіз үйде тұрып жатқанын БАҚ жарыса жазған еді.

 

 

Талқылау