Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық «Қайрат» екі қызыл карточка алып, Еуропа лигасынан шығып қалды

Алматылық «Қайрат» футбол командасының ойыншылары Еуропа лигасының үшінші іріктеу турының екінші кезеңінде Чехияның «Сигма» құрамасынан жеңіліп, турнирден шығып қалды.

Алматылық «Қайрат» екі қызыл карточка алып, Еуропа лигасынан шығып қалды

Бұл туралы Vesti.kz-ке сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Қайрат» пен «Сигма» арасындағы ойын 16 тамызда Алматыда өтті және кездесу қонақтардың пайдасына 1: 2 есебімен аяқталды.

Алғашқы гол 19-минутта соғылды. «Қайрат» құрамасының қақпашысы Стас Покатилов «Сигма» командасының шабуылшысы Мартин Нешпордың добын өз қақпасына жіберіп алды.

51-минутта «Қайраттың» қақпасына екінші доп соғылды. Жартылай қорғаушы және «Сигма» капитаны тепкен доп Покатиловтың қақпасына дәл түсті.

Алматылық команда 61 минутта Венгрия құрамасының шабуылшысы Мартон Эппелдің көмегімен бір гол соқты. Қайрат футболшылары ойын аяқталарда біраз шапшаңдық танытқанымен, өкінішке орай есепті теңестіре алмады. 79-минутта Бразилияның жартылай қорғаушысы Хуан Фелипе ойын алаңынан қуылып, Исаэль де соңына қарай қызыл қарточка алды. Осылайша, алматылық Қайрат ойынды 9 ойыншымен аяқтады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау