Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық кәсіпкер “теңге” түріндегі кәмпиттер шығарып жатыр

Қағазында ұлттық теңгеміз бейнеленген кондитерлік өнімдер Ресей зауытында шығарылады. Өнімдер бірнеше айдан бері Қазақстан аумағында сатылып жатыр.

64f19297c44dea4380eeaf8a51954fef (1)

Бұл туралы Stan.kz Yk-news.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Өнім идеясының авторы алматылық жеке кәсіпкер Қасен Оспанов осыдан жарты жыл бұрын қазақстандықтарды осылайша ерекше кәмпиттерімен таңдандырғысы келген.

«Ресейде осы салада бірлесіп жұмыс істейтін әріптестерім бар. Ол жақта шоколадты кәмпиттер шығаратын үлкен фабрикалар бар. Олар біраздан бері кағазында доллар мен евро бейнеленген кәмпиттер шығарып келеді. Осыны көргеннен кейін мен енді теңгемен шығаруды ұсындым. Бірлесіп жоба жасап, нәтижесінде осы кәмпиттерді шығара бастадық», – дейді кәсіпкер.

Оның айтуынша, қазақстандықтар төрт айдан бері бұл өнімдерді сатып алып жатыр. «Біз әлі өндіріс мөлшерін толықтай шешкен жоқпыз. Бұл жобаны жаз айында, рубльдің бағасы 3 теңге болып тұрғанда, шығарған едік. Алдағы уақытта курс бағамы 5 теңге болса, ресейлік әріптестермен бірлесіп жұмыс істеу тиімсіз болғалы тұр», – дейді Қасен Оспанов.

Теңге қағазына оралған кәмпиттер шербет пен тәтті қоспалармен дайындалған. Кәсіпкердің бұдан басқа да түрдегі кәмпиттер шығару ойында бар екен. Мәселен, Наурыз мерамына орай немесе Рамазан айына қарсы «Ауыз ашар» деген сынды өнімдер шығаруды қолға алмақ.

Талқылау