Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық кардиохирург «Жыл дәрігері» атанды

Астанада «Денсаулық сақтау саласының үздігі-2018» республикалық байқауының қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.

Алматылық кардиохирург «Жыл дәрігері» атанды

Жеңімпаздарды ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов марапаттады. Оларға планешттер мен алғыс хаттары табысталды.

Байқау барысында Алматыдағы қалалық кардиологиялық орталықтың кардиохирургия бөлімінің меңгерушісі Нұрсан Сұрашев «Жыл дәрігері» атанды.

Ал Қостанай облысындағы Федоров аудандық орталық ауруханасының хирург дәрігер Евгений Финк ең үздік ауылдық дәрігер атағына ие болды.

«Үздік мейірбике» атағы Алматыдағы №5 қалалық клиникалық аурухананың балалар бөлімінің бас мейірбикесі Назира Мырзабаеваға бұйырды.

Қостанайдағы перинаталдық орталықтың бас дәрігері Татьяна Булгацевич денсаулық сақтау саласының үздік ұйымдастырушы-менеджері атанды.

«Денсаулық сақтау саласындағы үздік ғалым» номинациясын Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінің биохимия кафедрасының меңгерушісі Лариса Муравлёва жеңіп алды.

Ал денсаулық сақтау саласындағы ең үздік жас зерттеуші атағына А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының бас ғылыми қызметкері Жасұлан Баймаханов ие болды.

«Үздік әлеуметтік қызметші» номинациясын Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласындағы аудандықө орталық аурухананың дәрігері Ләззат Қасымова жеңіп алды.

Медициналық ЖОО-ның үздік оқытушысы атағын Астанадағы Медицина уриверситетінің гигиена кафедрасының профессоры Айман Мусина алды.

Медицинадық колледждің үздік оқытушысы атағына Көкшетаудағы жоғары межициналық колледждің оқытушымы Айжан Ғибаділова ие болды.

«Ауылдағы медициналық пункттен ең үздік технологиямен жабдықталған орталықтарға дейін, сондай-ақ фармацевтика саласындағы барлық қызметкерлер, санитарлық дәрігерлер, ғалымдар, оқытушылар – барлығы бүгін алғыс пен құттықтауға лайық», – дейді Елжан Біртанов.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Талқылау