Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық бойжеткен ақшаға қалыңдықтың құрбысы болып беретін қызмет түрін ұсынды

Алматы тұрғыны өз тарапынан қалыңдықтың құрбысы қызметін ұсынатынын жариялады.

ымым

Бойжеткеннің хабарламасы “ВКонтакте” желісіндегі өз парақшасында жарияланған. Ол хабарламада кез-келген салтанатты шараға қатысуға дайын екенін айтқан. Айлин деген бүркеншік есімді қыздың сөзінше, оны достары осындай кештерге бірге баруға жиі шақыруы себепті осы идея туындапты.

“Негізінен менің достарым – жастар. Олар дос қызы, құрбысы ретінде бірге тойларға баруға жиі өтініш білдіреді. Мен өзім жұмыс істеймін, әйтсе де осы идея келіп отыр. Ойымды іске асырып, ақша тауып көргім келеді. Бүгін жарнамамды орналастырдым, әлі ешкім хабарласпады. Хабарласатын алғашқы клиентті күтіп отырмын. Негізінен Алматыда жұмыс істеймін. Егер бір күн бойы жүретін болсам онда 15 мың теңге. Әрине, бұған келісетіндер де аз шығар, сол себепті сағатпен есептескен дұрыс. Ол енді менің іс-шарада қанша уақыт кетіретініме байланысты. Егер, тек неке қию салтанаты болса, онда сағаты – 10 мың”, – дейді Айлин.

1111

Ол қазақстандық менталитет батыспен салыстырғанда үлкен айырмашылығы бар себепті, кез-келген сынға да дайынмын дейді. Айлин мұндай қызмет түрі бұрыннан қолданылып, үлкен сұранысқа ие болған АҚШ-ты мысалға келтіреді.

2222

“Білесіздер ме, мен жәй байқап, сынап көргім келеді. Қайткенмен де менталитет басқаша, басқаша көзқарас, түсінбей қалады. Ал бұл шет елде әлдеқашан қанат жайып кеткен. Бізде адамдар ақша шығындағысы келмейді. Әзірге мұның қаншалықты жүзеге асарын білмеймін. Бірақ, ақшасы бар адамдар сәтті пайдаланады деп ойлаймын”, – дейді ол.

Талқылау