Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық азамат жарты жылда 50 келі салмақ тастаған (фото)

Алматыдағы дүкендер желісінің иесі Константин Пименов КТК  арнасының”Наша правда” ток-шоуында жарты жылда қалайша 50 келіге арықтағанын айтып берді.

Пименов3001-1

Кәсіпкердің арықтауына ең бірінші әлеуметтік желіде берген уәдесі себеп болған. Өзінің айтуынша, Facebook желісіндегі пікірлер оның өзін ұстауына себепші болыпты. Одан бөлек ол желідегі виртуалды досымен 2 мың долларға бәстеседі.

“Мен айналамдағылардың пікірімен санасатын адам екенмін”, – деп мойындады Константин.

Ол 3 айда 35 келіге арықтаған.

Кәсіпкер тамақ жеуді азайтып, тек аздан ғана тамақтанып отырған. Бірақ ешқандай тағамнан тыйылмаған.

“Салмақ тастау – ағза үшін күйзеліс. Ал, өзіңе ұнамайтын тамақ жеу – мүлде ауыр. Сондықтан мен еш тамақтан бас тартқан жоқпын. Шұжықты да, кәмпитті де аздан жей бердім”, – дейді Константин.

“Спортпен бірден шамадан тыс көп айналысу да зиян. Менің қателігім де сол болды. Күніне 2-3 рет залда жаттықтым. Жаттығудан соң шаршап, тамақтануға тәбетім тартып тұрды. Спортпен кейіннен бұлшықеттерді қатайту үшін айналысу керек”, – дейді ол “Комсомольская правда” басылымына берген сұхбатында.

Константин өзін бұрынғы қалыбымен де жақсы көрген. Бірақ, қазіргі келбеті өзіне көбірек ұнайды екен.

пименов3001-7

пименов3001-4

пименов3001-5

пименов3001-3

пименов3001-6пименов3001-2

Фото: Instagram

Жіберіп алмаңыз:

Австралиялық қыз өз суретін Фейсбуктен көргеннен кейін 42 келіге арықтады (фото)

Салмағы 150 келі болатын 11 жасар қытайлық оттың көмегімен арықтауға тырысуда (фото)

Ләйлә Сұлтанқызы: Дәрінің емес, скотчтың арқасында арықтадым

Талқылау