Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық әйелдің көлігінен 9 млн теңгесі бар сөмкесін ұрлап кетті

Алматыда 9 млн теңге ұрлаған топ ұсталды. 31 жастағы алматылық әйел бір сәтте қомақты қаржысынан айырылған болатын.

Әйел ақша толы сөмкесін көлігіне тастап кеткен. Осы сәтті пайдаланған ұрылар көлік терезесін шағып, сөмкені алған.

“Күдіктілердің кім екенін бірден анықтадық. Олар төрт адам. Оларды ұстауға біраз уақыт кетті. Екі күдікті ұсталды, екеуі іздеуде. Күдіктілер Шығыс Қазақстан тумалары. Бірі Алматы облысында ұсталды. Бірі Алатау ауданында ұсталды”, – деді криминалды полиция басқармасының басшысы Есен Ысқақов.

Күдіктілер қамауға алынды. Олар бұрын ұрлық, тонау істері үшін істі болған. Ол қылмыстар Түркістан облысында болған. Зардап шекгушінің сөзінше, ұрылар 9,5 млн теңге мен жеке заттарын ұрлаған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау