Алматылық әйел өзін мас кондуктордың ұрып-соққанын айтып, министрге шағымданды

Алматы қаласында мас болған №16 автобустың кондукторы жолаушы әйелді ұрып-соқты. Контуктордан жәбір көрген әйел бұл туралы ҚР ІІМ басшысы Қалмұханбет Қасымовтың жеке блогына жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Алматылық әйел өзін мас кондуктордың ұрып-соққанын айтып, министрге шағымданды

Жәбірленушінің айтуынша, оқиға 28 маусымда сағат 19.15-те болған. Осы оқиғадан кейін ол Медеу ауданының полиция бөліміне арыз жазып, шағымданды. Соққадан кейін жарақат алған әйел қазір ем алуда және өзіне жәбір көрсеткен кондуторды жазалауды талап етіп отыр.

“Қазір менің бетім ісіп тұр және сол жақ көзім бұлдырайды. Көзімнің айналасына қан ұйып, миым шайқалған. Психологиялық жағдайым өте мүшкіл. Сол жақ қолым ұйиды. Аузымды әрең ашамын. Сол үшін жұмысымнан қалып, емделуге мәжбүрмін”, – деді ол.

Сонымен қатар, жәбірленуші министрден ішімдікқұмар адамды жұмысқа алған автобус паркін де жауапқа тартуды сұрады.

“Заң өкілі ретінде сізден автобус паркін жауапқа тартуды сұраймын. Мен көмекке шақырғанда жүргізуші қарап тұрғанымен қоймай, мені психологиялық науқас деп кемсітті. Мені қорғауыңызды өтінемін”-, деп көмек сұрады жәбірленуші.

Әйел халықаралық адам құқығын қорғау сотына да жүгінбек. Министр Қалмұханбет Қасымов әйелдің арызына жауап берді.

«Маршрут кондукторы ҚР ҚК 293 бабының 1 бөлімімен жауапкершілікке тартылады. Күдіктінің орта дәрежеде мас болғаны анықталды. Сондай-ақ, сол күні аталған іс бойынша сұрақ-жауап алынды. Сот медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, іс-әрекетіне процессуалды шешім шығарылатын болады”, – деді ҚР ІІМ басшысы Қалмұханбет Қасымов.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
21.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар