Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық әйел өз өмірін қауіпке тігіп, екі баланы өрттен құтқарып қалды

Алматыдағы “Ақсай-4” ықшам ауданында көпқабатты үйлердің бірінде өрт тұтанды. Оқиғадан екі бүлдіршін зардап шеге жаздады. Бұл туралы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Алматылық әйел өз өмірін қауіпке тігіп, екі баланы өрттен құтқарып қалды

Подъезге кірген бетте өрттің иісін сезген әйел көршісінің үйіне асыққан. Үйдің есігі жабық, бірақ кілтке ілінбеген болып шықты. Бейбіткүл Ыдырысова бетін жауып, ішке кірді. Үйде балалардың барын білген ол оларды дауыстап шақырған. 7 жасар бала оған жауап берген. Ол үйде 1,5 жасар інісімен бірге қалған. Әйел екі бүлдіршінді жетектеп далаға шығарып, өрт сөндіру қызметіне хабар берген.

Бұл уақытта балалардың анасы мектепке кеткен. Өрттің неден шыққаны белгісіз.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау