Алматылық әйел 4 жасар баласының мүгедек болып қалғанына ауруханадағы дәрігерлерді кінәлады

Алматыда Қарлығаш Жиылысбекова есімді әйел №1 перинаталдық орталықтың бұрынғы дәрігерлерін кінәлап отыр. Айтуынша, дәрігерлер баласына уақытылы көмек көрсетпегендіктен, ол мүгедек болып қалған. Оның 4 жастағы қызы бүгінде өздігінен жүре алмайды және жетіулуі кешігіп жатыр екен.

Алматылық әйел 4 жасар баласының мүгедек болып қалғанына ауруханадағы дәрігерлерді кінәлады

Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Қарлығаш Жиылысбекова Қалқамандағы №1 перзентханада босанған. Оның сөзінше, перзентін босанғаннан кейін, дәрігерлер нәрестеге дер кезінде көмек көрсетпепті. Салдарынан ол комаға түскен. Бүгінде өздігінен жүре алмайтын бүлдіршінге сал ауруы мен гидрацефалия диагнозы қойылыпты.

«Мен тыңдасам, баланың жылаған дауысы бәсеңдеп, демікпе сияқты болды. Балада әлдене дұрыс емес екенін айттым. «Менің қызым шыңғырып жылаған жоқ», – дедім. Олар «жоқ» деп, өзіме ұрсып берді. «Босану жолдарынан шығу оңай дейсің бе? Ол ұйықтап жатыр, шаршап жатыр», – деді. Жарты сағаттан соң педиатр келді. Үстімнен баланы алған кезде ол кісі: «Балаң өліп қалған», – деп айқайлап жіберді. Сөйтсе үстімде жатқанда жүрегі тоқтап қалған екен», – деп еске алды Қарлығаш Жиылысбекова.

Әйелдің айтуынша, бастапқыда сәбиі қатты ауырғандықтан, құзырлы органдарға шағымданатын жағдайы болмапты. Сонымен қатар дәрігерлер көмек көрсетуге уәде берген екен. Десе де кейіннен дәрігерлер сөзінен тайқып шығыпты. Мұнан соң Қарлығаш құзырлы органдарға шағымданған. Алайда билығы жылдың желтоқсанында ғана ҚР ҚК «Медицина немесе фармацевтика жұмыскерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамау» бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалыпты.

«Бір емес, бірнеше сараптама тағайындалады. Іс міндетті түрде соңына дейін жетіп, кінәлі азаматтар айқындалған сәтте қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады», – дейді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбек.

2014 жылы Қарлығашты босандырған дәрігерлер бүгінде Перинатология және балалар хирургиясы орталығында жұмыс істейді екен. Өз кезегінде олар бұл жағдайға қатысты пікір білдіргісі келмеді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
17.01.19
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар