Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық автобустар қайтадан қолма-қол төлемге көшті

Ұлы айғаймен енгізілген “Оңай” электронды төлем жүйесінен соңғы уақытта түсім азайып, ақша төлемейтіндер көбейген. Сондықтан, ертеңнен бастап “Оңай” картасымен қатар, жолақыны жүргізушіге де төлеуге болады деп хабарлайды КТК телеарнасы.

c95e2a54d5afb897e8831e22c34274f3

Сурет almaty.tv сайтынан алынды

Қолма-қол төлем аппараты әзірге су жаңа 35 автобусқа орнатылған. Осы құрылғыдан жолаушыларға чек беріліп отырады. Тасымалдаушылардың айтуынша, бұны енгізудің бірнеше себебі бар. Мәселен, жолаушының электронды картасында ақшасы таусылса, ол төлем жасамай кете береді екен. Сондай-ақ, электронды картасын үйінде ұмыт қалдыратындар да көбейген.

Ал оларға айыппұл салу – заңда қарастырылмаған. Сондықтан, қала басшылығы мен компания тарапы электронды төлем жүйесінен бөлек, жолақы төлемінің баламалы түрі болу керек деген шешімге келіпті.

“Жолаушыларымыздың 40 пайызы төлем жасамай кетеді. Сондықтан осы аппараттарды қойып отырмыз. Әрбір төлем сайын жүргізуші түбіртек беріп отырады. Енді электронды картаны ұмытып кеттім, ішіне ақша салынбай қалыпты деген сылтау болмайды. Әркім қалай төлеймін десе де өз еркі”, – дейді “Green Bus Company” ЖШС Алматы қаласы филиалының директоры Бауыржан Құлышев.

Талқылау