Алматылық әуежай қызметкерлерінің ұры екенін айтып шағымданды

Сәрсенбі, 23 Желтоқсан , 2015 10:16

Әуежайдағы ұрлық қауіпсіздікке кері әсер етуі мүмкін. Соңғы уақытта жолаушылар өз сөмкелерінің ішіндегі дүниесінің жоғалатынына жиі шағымдана бастапты. Әсіресе Алматының әуе қақпасы қауіпсіздігіне қатысты арыз көп.

20130206_112921

Бұл туралы ктк арнасы хабарлайды.

Бір әуежайда тиянақты түрде өткізілген жүк келесіне астан-кестені шығып жетіп, қымбат киім мен әшекей бұйымдар қолды болады екен. Жолаушылар енді әлдекімдердің тек ұрлық жасап қоймай, тыйым салынған заттарды салып жіберуі де мүмкін деп алаңдаулы.

Жуырда Астанадан Алматыға ұшып келген Гүлнар Бажкенованың сөмкесінен киімдері қолды болыпты. Бастапқыда әуе операторымен ұзақ тілдесе алмай, кейін желілік полиция бөліміне баруына тура келген. Бірақ ондағылар да көмек бере алмаймыз деп жылы шығарып салған.
«Полициядан жолаушылардың жүгі жиі ұрланатынын білдім. Тәртіп сақшылары ішіндегі дүние жоғалып қалған шығар дейді. Бірақ сөмке өздігінен ашылып, қымбат киім-кешек түсіп қалған соң қайтадан жабылуы мүмкін емес қой»,-дейді Гүлнар Бекжанова

Бір күнін ұрланған заттарын іздеумен өткізген Гүлнардың арызы бойынша қазір елордалық желілік полиция бөлімі жұмыс жүргізуде. Ал Алматы әуежайының өкілдері өздеріне қарасты аумақта ұрлықтың жасалуы мүмкін емес дегенді алға тартуда. Жолаушы мен оның жүгі табалдырықтан аттағаннан, ұшаққа отырғанша бақылауда болады деп сендірді олар.

«Жүк жолағына түскен сөмкеге тіркеудегі оператор тиісті бағыттағы жапсырманы орналастырады. Осыдан бастап ол сөмкеге камералар орналастырылған жолмен өтіп, ұшаққа әуе операторы өкілінің қатысуымен тиеледі. Сондықтан біздің әуежайда ешкімге білдірмей ұрлық жасау мүмкін емес»,- дейді Алматы әуежайының тасмалдарды ұйымдастыру бөлімінің директоры Болат Ержанов

Жиі ұшатын жолаушылардың көбі ұрлыққа үйреніп те қалғандай. Пысықтары сақтық ретінде сөмкелерін полиэтиленмен қаптайды. Бұл бірінші кезекте ұрлықтың алдын алып қана қоймай, бөгде заттардың пайда болуынан сақтайды.

Бір жерде қолды болған затты екінші қаладан іздестіру қиын екені белгілі. Осыны білетін пысықайлар, бұл ретте әуежай қызметкерлері де болуы мүмкін, қымбат заттарды қымсынбай алып кетеді екен. Сондықтан жолаушылар ұрлықтан бұрын, тыйым салынған заттарды салып жіберуі де мүмкін деп алаңдап отыр.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар